Жұмыс тобы «Баганашыл» балаларды қолдау орталығы бойынша жұмыстарын жалғастыруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмыс тобы «Баганашыл» балаларды қолдау орталығы бойынша жұмыстарын жалғастыруда

Ведомствоаралық жұмыс тобы Алматы облысы КММ «Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау өңірлік орталығы» («Баганашыл» орталығы) қызметіне қатысты мәселелер бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Жиындар тұрақты түрде, іс жүзінде күн сайын өткізіліп, орталыққа бару және барлық өзекті мәселелерді егжей-тегжейлі қарау арқылы жүргізілуде.

Жұмыс тобының құрамында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, қалалық мәслихат депутаттары, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, Алматы қаласы Білім басқармасы өкілдері мен Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері бар.
Қазіргі таңда:
«Баганашыл» орталығының жер телімі мен ғимараттары ресми түрде Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілді.
Орталық қызметкерлерін Алматы қаласы Білім басқармасы жүйесіне ауыстыру бойынша құжаттар пакеті дайындалды. Барлық рәсімдер қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкестікте жүзеге асырылуда.
«Баганашыл» орталығының тәрбиеленушілері Алматы қаласы Білім басқармасының арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау мекемесіне ауыстырылды.
2026 жылға ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Жөндеу кезеңінде тәрбиеленушілер уақытша қалалық білім беру ұйымдарына орналастырылып, олардың қауіпсіздігі мен барлық қажетті жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Қоғам тарапынан келіп түсетін барлық сұрақтар тіркеліп, жедел түрде қаралады. Бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды.
Балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Мемлекет басшысының ерекше бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-almaty/press/news/details/1047702?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді