Жаңа оқу жылға дайындық аясында Павлодар облысына Білім министрлігінің Инвестициялық саясат және инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры Әділбек Мусабаев келді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа оқу жылға дайындық аясында Павлодар облысына Білім министрлігінің Инвестициялық саясат және инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры Әділбек Мусабаев келді.
Сапар барысында Ә.Мусабаев облыстағы реновация аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Павлодар қаласы Мақпалеев атындағы мектеп пен Аққулы ауданының Шарбақты орта мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жұмыстармен танысты.
Павлодар қаласында «Келешек мектебі» бағдарламасы аясында «Достық» мөлтек ауданындағы №48 орта мектепті құрылысы аяқталған және №47 мектепт құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар, жаңа оқу жылына дейін Павлодар ауданының Бірлік ауылында жаңа мектеп ашылып, Аққулы ауданының Тлектес ауылында жаңа мектеп ғимараты пайдалануға беріледі.
Білім беру мекемелерін аралау кезінде мектептердің оқу кабинеттерінің жабдықталуына, мектеп инфрақұрылымына, оқушыларға қолайлы орта құруға, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және инклюзивті білім беру жағдайларына, сондай-ақ құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарының барысына ерекше назар аударылды.
Облыстың білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындық мәселесі бойынша Ә.Мусабаев облыс әкімінің орынбасары А.Малиқовамен кездесті, сондай-ақ облыс қалалары мен аудандарының білім бөлімдері басшыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1047703?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді