Дәріханаларда орналасқан медициналық кабинеттерге қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің

Шымкент   қаласы   бойынша   департаменті   (бұдан   әрі   –   Департамент)

Шымкент   қаласының   медициналық   және   фармацевтикалық   салаларында

туындаған өзекті мәселелері бойынша келесіні хабарлайды.

Бүгінгі   күнге   Шымкент   қаласында   медициналық   көмек   көрсету

бөлмелері   (емшара   қабылдау   бөлмелері)   көптеген     дәріханалардың

ғимараттарының ішінен, медициналық ұйымдардың айналасында   ашылып,

халыққа   қызмет   көрсетуде.   Осы   емшара   бөлмелерінде   көрсетілген

медициналық қызметтің салдарынан орын алған кемшіліктер, оның ішінде

дәрілік   заттардың   жанама   әсері,   тиімсізділігі,   анафилактикалық   шок,   тіпті

адам өлімдері тіркелуде. Себебі, емшара   (түрлі инвазиялық араласу) ҚР

денсаулық   сақтау   саласындағы   заңнамаларының   талаптарын   бұзылуымен

жүргізіледі.

Емшара   бөлмелерінде   медбике   маманы   қызмет   көрсетеді,   дәрігер

маманы қарастырылмаған.  Бұл бөлмелер медициналық қызметке  берілетін

мемлекеттік лицензияның «Дәрігерге дейінгі көмек көрсету» түрі негізінде

жұмыстарын   атқарады.   Алайда,   бұл   қызмет   түрінде   инвазиялық   араласу

қарастырылмаған, яғни бүгінгі күнге емшара бөлмелері заңсыз медициналық

қызметпен айналасуда.

     ҚР ДСМ  2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 «Дәрігерге

дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен

(бұдан   әрі   –   №ҚР   ДСМ-223/2020   Бұйрық)   дәрігерге   дейінгі   медициналық

көмек   көрсету   қағидалары   бекітілген.   Аталған   бұйрықтың   2-тарау   4-

тармағына сәйкес: – «Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілетін жай-

күйлер:

 1) жарақаттану;

 2) қан кету;

 3) электр тогымен зақымдану;

 4) сыну;

 5) буын шығу;

 6) соғып алу;

 7) байламдардың созылуы;

 8) бас сүйегінің сынуы (белгілері: құлақ пен ауыздан қан кету, ессіз жай-

 күй) және мидың шайқалуы (белгілері: бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу,  

 естен тану);

 9) омыртқаның зақымдануы (белгілері: омыртқаның өткір ауыруы,  

 арқаны 

 бүгу және бұрылу мүмкіндігінің болмауы);

 10) күйік;

 11) ыстық және күн тию;

 12) тамақтан улану;

 13) үсу;

 14) ағзалар мен тіндерге бөгде денелердің түсуі;

 15) жәндіктердің (бал аралар, ара) тістеуі немесе шағып алуы;

 16) суға кетіп қалу».

   

        Сонымен қатар, №ҚР ДСМ-223/2020 Бұйрығының 2-тарау 5-тармағына

сәйкес,   осы   жағдайларда  зардап   шегушіге   дәрігерге   дейінгі   келесі

медициналық көмек көрсетіледі:

      1) зардап шеккен адамның ағзасынан қауіпті және зиянды     

     факторлардың әсерін жою (оны электр тогының әсерінен босату, жанып    

     жатқан киімді сөндіру, судан шығару);

       2) зардап шегушінің жағдайын бағалау;

       3) зардап шегушінің өміріне неғұрлым үлкен қатер төндіретін   

          жарақаттың   сипатын   және   оны   құтқару   жөніндегі   іс-қимылдардың

дәйектілігін   

     айқындау болып табылады;

       4) шұғыл тәртіпте зардап шегушіні құтқару бойынша қажетті іс-   

шараларды орындау;

       5) мамандар келгенге дейін зардап шегушінің негізгі өмірлік   

функцияларын қолдау;

          6) жедел медициналық көмекті немесе дәрігерді шақыру не болмаса

зардап   шегушіні   жақын   жердегі   медициналық   ұйымға   тасымалдау   үшін

шаралар қолдану.

Жоғарыда   көрсетілгенге   байланысты,   медициналық   көмектің

«Дәрігерге дейінгі көмек  көрсету» түріне алынған лицензияға  қосымшасы

негізінде түрлі инвазиялық араласу қарастырылмаған.

            Бүгінгі күнге Шымкент қаласында көптеген қызмет көрсетіп жатқан

емшара бөлмелерінің қызметі заңсыз болып табылады.

            Инвазиялық араласумен медициналық көмек көрсету үшін субъектілер

тарапынан   «Медициналық-санитариялық   алғашқы   көмек   көрсету»

медициналық көмек түріне мемлекеттік лицензияға қосымша алу міндетті.

                  ҚР   ДСМ   2023   жылғы   30   наурыздағы   №49  «Қазақстан

Республикасында   медициналық-санитариялық   алғашқы   көмек   көрсетуді

ұйымдастыру   стандартын   бекіту   туралы»  бұйрығымен   медициналық-

санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілген.

Сонымен қатар, ҚР ДСМ 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 «Қазақстан

Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық

көмек   көрсету   стандартын   бекіту   туралы»  бұйрығымен  стационарды

алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандарты бекітілген.

           Аталған бұйрықтың талаптарын толық орындап, тиісті мемлекеттік

лицензияға қосымша алынған жағдайда бұйрықпен бекітілген қызмет түрлерін

көрсетуге рұқсат етіледі.

  Департамент  медициналық   және   фармацевтикалық   ұйымдар

тарапынан қызметтерін атқару барысында ҚР денсаулық сақтау саласындағы

заңнамаларының   талаптарын   орындау   бойынша   мемлекеттік   бақылауды

жүзеге асырады.

   Жоғарыда айтылып кеткен заңсыз медициналық қызметпен айналысу

үшін ҚР 05.07.2014 жылғы  № 235-VҚРЗ «Әкімшілік заңбұзушылық туралы»

Кодексінің   424-бабының   1-бөлігімен   келесі   келесі   мөлшерде   әкімшілік

жауапкершілік көзделген: – «Қызметтiң осы түрiне арналған сертификаты

және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның заңсыз медициналық және (немесе)

фармацевтикалық   қызметпен   айналысуы   –жеке   тұлғаларға   –   бес,

лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма,

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс

айлық   есептік   көрсеткіш   мөлшерінде   айыппұл   салуға   әкеп   соғады».

.         Осы ретте,  Департамент  Шымкент қаласының аумағында «Дәрігерге

дейінгі   көмек»  медициналық   көмектің   түріне   берілген   қосымша   негізінде

инвазиялық араласуды қолдана отырып, қызмет көрсететің емшара бөлмелері

өз   жұмысын   тоқтау   және   емшара   кабинеттері   қызметін   жалғастыратын

субъектілер міндетті  түрде жоғарыда  көрсетілген  бұйрықтармен бекітілген

талаптарға сәйкестендіріп, мемлекеттік лицензияға тиісті қосымшаларын  алу

қажет екенін хабарлайды

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-shymkent/press/news/details/1047644?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді