«Этностардың ойындары» спартакиадасы: жастық шақ, достық және мәдени мұра

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Петропавл қаласында түрлі этностардың ұлттық ойындарынан «Этностардың ойындары» спартакиадасы өтті. Іс-шараны «Ассамблея жастары» РҚБ СҚО бойынша өңірлік өкілдігі Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелерінің жастарымен бірлесе ұйымдастырды.

Спартакиаданың басты миссиясы – этносаралық достықты нығайту және жастар арасында толеранттылық мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара барысында мынадай міндеттер қойылды:

Өскелең ұрпақ бойында этносаралық қарым-қатынас мәдениетін арттыру;

Көп ұлтты Қазақстанның рухани мұрасын, тарихи және мәдени құндылықтарын сақтау және дамыту;

Этномәдени бірлестіктер өкілдері арасындағы тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын нығайту.

Іс-шараға спикерлердің қоғамдық өмірдің маңызды тақырыптары бойынша дәрістері мен баяндамалары кірді:

СҚО ҚХА Этномедиация орталығының үйлестірушісі Болат Базарбаев «Көп этникалық Қазақстан: кеше, бүгін және ертең» тақырыбында интерактивті әңгіме өткізіп, этносаралық бірліктің тарихи маңыздылығын және оның даму перспективаларын атады.

СҚО ҚХА Журналистер клубының төрағасы Павел Притолюк онлайн жауапкершілік пен цифрлық әдепті қозғай отырып, «Әлеуметтік желілердегі әдеп және тәртіп мәдениеті»  тақырыбын баяндады.

Тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Орал Жанатов «Қазақ тілін үйренемін» баяндамасында мемлекеттік тілді үйренудің маңыздылығына тоқталды.

Түстен кейін қатысушылар елдегі әртүрлі этностардың мәдени салт-дәстүрлерін айқындайтын ұлттық ойындарға қатысты:

– Қазақ ойындары: «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Бәйге»;

– Поляк ойыны: «Капуста в бочке»;

– Татар ойыны: «Разбей горшок»;

– Орыс халық ойыны: «Бег в мешках».

Тимбилдинг жаттығуларына ерекше назар аударылды: ойындар мен тапсырмалар бірігуге, командалар арасында қарым-қатынас дағдыларын жақсартуға және қатысушылар арасында қауымдастық сезімін дамытуға бағытталды.

«Этностардың ойындары» спартакиадасы:

– Этникалық қауымдастықтар арасындағы диалогты нығайту;

– Мәдениеттер мен дәстүрлер байлығын таныту;

– Қазақстан халқы ассамблеясының жастар этноқұрылымдарының өзара көлденең іс-қимылын кеңейту үшін табысты тұғырнамаға айналды.

Қатысушылар «Ұлттық киім – менің мақтанышым» флешмобына қатысу ұсынысына шығармашылықпен қарады. Түрлі этностардың өкілдері қазақ ұлттық киімін киіп, өз пікірлерімен бөлісті. Жастар қазақтың ұлттық ою-өрнектері тек сәндік элемент емес екенін атап өтті. Бұл ғасырлар бойғы қалыптасқан дәстүрлердің көрінісі.

Іс-шара көп ұлтты Қазақстанда құрмет, азаматтық және рухани бірлік ахуалын қалыптастыратын бастамалардың маңыздылығын растады.

 

 

«Ассамблея жастары» РҚБ СҚО

бойынша өңірлік өкілдігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sayasat/press/news/details/1047608?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді