ХҚБ 2025: Бекмаханова көшесі, 2

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халық қатысатын бюджет бағдарламасы аясында ескі демалыс аймағына толық қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Жоба бойынша балалар алаңы жаңартылып, ойын кешендері ауыстырылып, толықтырылды, воркаут тренажёрлары, пергола, сондай-ақ орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды, футбол алаңы жаңартылды.

Тұрғындардың сұранысы бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бейнебақылау камералары орнатылды.

Сонымен қатар көппәтерлі тұрғын үйдің ауласында тағы бір қосымша балалар алаңы абаттандырылды.

Бүгінде жоба аясындағы жұмыстар толығымен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1047428?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді