Елорда тұрғындары арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіледі. Мерекеге орай бүгін елордада түрлі іс-шаралар, турнирлер мен сайыстар өтіп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Атап айтқанда, «Жерұйық» саябағында Алматы ауданының тұрғындары үшін ұлттық спорт түрлерінен байқауларды қамтыған мазмұнды бағдарлама ұйымдастырылды.

Қала тұрғындары арасында гір көтеру, қол күрес, асық ату, ләңгі тебу және арқан тарту түрлерінен турнирлер өтіп жатыр.

Сонымен қатар қонақтар үшін мерекелік концерт ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1052261?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді