Апталық шолу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

11.08
Астана
Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында Қазақстанда 580 мың гектардан астам алқапта су үнемдеу технологиялары қолданылады.

12.08
Астана
Қазақстан мен Қытай су мамандарын бірлесіп даярлау жұмысын келесі жылы да жалғастырады.

12.08
Павлодар облысы
Павлодар облысында үш заңсыз сорғы станциясы анықталды. Тексеру нәтижесі бойынша құқық бұзған барлық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

13.08
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғалы бері 870-тен астам нысан мемлекет меншігіне алынды.

13.08
Павлодар облысы
Қ. Сәтбаев атындағы каналдан жіберілген су Павлодар облысындағы шабындықтардың өнімділігін арттырды. Биыл канал экологиялық мақсатта 170,5 млн текше метр су жіберді.

14.08
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғалы бері халықаралық әріптестермен 4 келісім және 20 меморандумға қол қойды. Су саласын дамытуға гранттар түрінде 14 млн доллардан астам қаржы тартылды.

14.08
Ақмола облысы
Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 90-шы отырысы өтті. Комиссияның отырысында Орталық Азия елдері трансшекаралық суды бөлу мен Арал теңізін сақтау мәселелерін талқылады.

15.08
Ақмола облысы
Еңбек сіңірген гидротехник және Қазақстанның бұрынғы Су шаруашылығы министрі Нариман Қыпшақбаевтың Қазақстанның су шаруашылығы тарихы туралы екі томдығы таныстырылды. Кітаптың тұсаукесері Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 90-шы отырысында өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1052299?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді