Асхат Шахаров азаматтардың жеке мәселелерін қарады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімі Асхат Шахаров азаматтарды жеке қабылдап, өңір тұрғындарынан түскен 17 өтінішті қарады.

Негізгі сұрақтар тұрғын үй алу, әлеуметтік жеңілдіктер беру, инфрақұрылым жағдайы және жер дауларына қатысты болды.

Өтініштердің едәуір бөлігі – тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне бағытталды. Бірнеше адам баспана кезегіне қатысты шағымданды. Барлығына жалдамалы тұрғын үй беру қолданыстағы заңнама нормалары және жыл сайынғы коммуналдық тұрғын үй құрылысының көлеміне сәйкес, тек кезек тәртібімен жүзеге асырылатыны түсіндірілді.

Сондай-ақ тұрғын үй кезегінде тұрмаған немесе тіркеу орны сияқты кезекке қою шарттарына сәйкес келмей өтініштері қабылданбаған азаматтар да жүгінді. Оларға барлық ереже түсіндіріліп, әрі қарай қалай әрекет ету керектігі жөнінде ұсыныстар берілді.

«Жаңақоныс-2» тұрғыны өз ауданындағы жолдардың жағдайына алаңдаушылық білдірді. Шағымданушыға 2024 жылы «Бабек Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымы балабақшаға кіреберіс жолдың құрылысын бастағаны айтылды. Қазіргі таңда жолдың төменгі қабаты төселіп, тротуар салу жұмыстары жүргізілуде, кейін асфальттың үстіңгі қабатын төсеу және жол белгілерін орнату жоспарлануда.

Ойыл ауданынан келген жергілікті тұрғын Ақшатау ауылындағы газдандыру және жол жағдайы мәселесін көтерді. Оның өтініші бақылауға алынды.

Үкіметтік емес ұйым өкілдерінен де өтініштер түсті. Мысалы, Семей полигоны ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің мүшесі оның жабылуының 34 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек бөлуді сұрады. Биыл қосымша төлем қарастырылмаған.

Азаматтарды қабылдауды қорытындылай келе, облыс әкімі әрбір өтініш жеке тәртіппен қаралып, салалық басқармалардың бақылауында болатынын атап өтті. Сондай-ақ тұрғындармен ашық диалог проблемалық нүктелерді жедел анықтауға және нақты шешімдер табуға мүмкіндік беретінін айтты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/1052294?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді