
Құрметті жерлестер! Құрметті спорт саласының қайраткерлері және ардагерлері!
Сіздерді тамыз айының үшінші жексенбісінде тойланатын Спорт күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде спорт және дене шынықтыруды дамыту – мемлекеттік ауқымдағы маңызды бағыт. Мықты және өмірге құштар жас ұрпақты тәрбиелеу – еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі.
Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Халық даналығында «Тәні саудың – жаны сау» деп тегін айтылмаса керек. Спорт – біздің өмірдің құрамдас бөлімі және табиғи және рухани жетілудің көрсеткіші. Өмірде адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын, көңілін өсіріп, айналасына сүйкімді де сымбатты, шыдамды да жігерлі, жинақы жүруіне септесетін құдіретті күш болатын болса, ол – дене тәрбиесі мен спорт.
Біздің ауданда бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, бүгінгі күні ауданда 85 спорт нысаны жұмыс істейді. Бұл нысандар ауданның спорт саласының дамуына оң септігін тигізері сөзсіз.
Целиноград жаттықтырушылар мен спортшылар алдағы уақытта да аудан мерейін өсіріп, даңқын шығару мақсатында өздерінің шеберліктері мен күш-қуатын, тәжірибелерін аянбай жұмсарына күмәнсіз сенемін.
Баршаңызға амандық, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.
Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары ұлғая берсін!
Жеңісті әрі жемісті күндеріміз көп болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1052307?lang=kk
Жауап қалдыру