
Қоғамдық сенімді нығайту, моральдық-психологиялық салауатты ортаны қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғудың кез келген нысандарын болдырмау мақсатында мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің, жергілікті атқарушы билік органдарының, Әдеп жөніндегі уәкілдің, мәслихат депутаттарының өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге билік өкілдері ретінде құрмет көрсетуді арттыру, қоғамда агрессия, кемсітушілік, қорлау және негізсіз сын көріністерін болдырмайтын диалог мәдениетін қалыптастыру, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау тетіктерін түсіндіру мәселелері талқыланды.
Мұндай іс — шаралар құқықтық мәдениетті арттыруға, мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға бағытталған, өйткені Мемлекеттік қызмет-қоғам алдындағы жауапкершілік. Сонымен қатар, әрбір мемлекеттік қызметші өзін сезінетін ақпараттық кеңістік құруға ұмтылу маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty/press/news/details/1052371?lang=kk
Жауап қалдыру