Марқакөл ауданы мәслихатының аппараты «Мектепке жол» акциясына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында Марқакөл ауданы мәслихатының аппараты аз қамтылған отбасының оқушысына көмек көрсетті. Оған дәптерлер, жазу құралдары және басқа да оқу жабдықтары табысталды.

Акцияның мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау және әрбір баланың жаңа оқу жылын сенімді бастауына жағдай жасау.

Аудан мәслихаты аппараты игі істерге үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдіреді және өскелең ұрпақты қолдау – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін атап өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-markakol/press/news/details/1052522?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді