
«Atyrau Jastar Fest-2025» гала-концертінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» грант жобасының жеңімпаздары марапатталды. Әр бағыт бойынша 3 жоба таңдалып, әрқайсысына 1 млн теңгеден қаржылай қолдау көрсетілді.
Грант иегерлері:
Бизнес бағыты:
- Мұхтарова Асылжан – «АсылЕТ» ұлттық ет өнімдерін өндіру жобасы;
- Қалиева Әсел – «JaryQ» инклюзивті оқу орталығы;
- Ғабдісәлім Еламан – «Өркен AutoElectro».
Мәдениет бағыты:
- Мерей Мендеш – «Open talk»;
- Маратұлы Бексұлтан – «Ауыл дауысы»;
- Жолдасова Айгерім – «Balamura».
Медиа бағыты:
- Хамидулла Абылай – «5к: көрінбейтін күрес» жастарға арналған short-сериал;
- Ғалимжанова Мадина – «Жас Блогер» білім беру және шығармашылық қабілеттерді дамыту жобасы;
- Әбілхасова Ақмоншақ – «Жаһанға жол – жастарға бағыт».
Волонтерлік бағыты:
- Қуангерей Армангүл – «Таза ауыл – таза аймақ»;
- Тагибергенов Алмат – «Eco.Mektep» экологиялық мектебі;
- Кенесов Ренат – «Bookworms Atyrau».
Ғылым бағыты:
- Махсотқызы Аида – «Биогумус – табиғи қуат»;
- Нұрмұхан Нұрдаулет – «Jalyn»;
- Кенжәлиев Қайырбек – «TeacherLab: Мұғалімнің цифрлық зертханасы».
Ақпараттық технологиялар бағыты:
- Аманхос Аңсар – «Sheksiz»;
- Минайдаров Ержан – «Сәлем Робо» робототехника мектебі;
- Аязбек Орынбек – «Қолдау үні».
«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы – жастардың инновациялық идеяларына қолдау көрсетіп, белсенді әрі шығармашыл буынды қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік қолдау тетігі. Жобаны облыстық Ішкі саясат басқармасының Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Осы ретте, грант иегерлерін құттықтай отырып, бастамаларына сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1052506?lang=kk
Жауап қалдыру