Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінің жағдайын мониторингтеу жұмысы жалғастырылды (15.08.2025)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Екі күн ішінде оң жағалаудағы тұрғын алаптарда орналасқан 10-нан астам балабақшаларды араладық.Еске сала кетейін, бұған дейін қалалық мәслихат депутаттары ескі мектептер мен балабақшаларды жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға қаржы бөлу туралы шешімді қолдаған болатын. Аталған бағдарлама ғимараттарды жаңартумен қатар, балалар үшін барынша жайлы және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.

Жұмыстың нәтижелері қазірдің өзінде байқалады -көптеген мекемелерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді: терезелер мен есіктер ауыстырылды, қасбеттер, шатыр, жылыту және жарықтандыру жүйелері жаңартылды. Кейбір балабақшаларда жаңа ойын жабдықтары орнатылып, заманауи оқу құралдары мен жиһаздар алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1052826?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді