
Бүгінгі таңда су құбыры желілерін тарту жұмыстарының 95%-ы орындалды, ал кәріз желілері бойынша жұмыстардың шамамен 75%-ы аяқталды.
Желілердің құрылысы аяқталған көшелерде жолдарды қалпына келтіру жалғасуда – атап айтқанда, 10-ға жуық көше асфальттауға дайындалды.
Жалпы, жұмыстарды толық аяқтау қыркүйек айының соңына дейін жоспарланған, асфальтбетон жабыны жоба аясында жолдың толық ені бойынша қалпына келтіріледі.
Еске саламыз, Қайрат шағынауданы тұрғындарын орталық коммуникациялармен 100% қамтамасыз ету мақсатында су құбыры және кәріз желілерін салудың келесі кезеңі іске асырылып жатқандығын еске саламыз. Жоба Қонаев ӨК тұрғын алабын қамтиды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1052859?lang=kk
Жауап қалдыру