Ерсайын Нағаспаев IESO 2025 халықаралық олимпиадасының жеңімпаздарымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 18-ші Халықаралық Жер туралы ғылымдар олимпиадасының жеңімпаздарымен кездесу өткізді.

IESO 2025 Қытай Халық Республикасының Цининг қаласында өтті, оған әлемнің 32 елінен мектеп оқушылары қатысып, теориялық және практикалық тапсырмаларды орындау, сондай-ақ геология бойынша халықаралық командалық жобалар бойынша сайысқа түсті.

Олимпиадада Қазақстанды төрт қатысушы қорғап, 7 медаль – 2 алтын және 5 қола жеңіп алды. Алина Айтжанова мен Әлнұр Тұрсынханов – Астана қаласынан, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Ақжол Болат – Талдықорған, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Надира Атымтай – Қызылорда, Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Кездесу барысында Министр бұл жас дарындарымыздың биік деңгейін тағы бір дәлелдейтін тамаша жетістік екенін атап өтті.

«Сіздердің жетістіктеріңіз – жеке жеңістеріңіз ғана емес, сонымен қатар Жер туралы ғылымды дамыту мен оны танымал етуге қосқан орасан зор үлестеріңіз. Геология – адамзаттың болашағы мен ел игілігі үшін табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды үйретін аса маңызды ғылым. Осылайша сіздер Қазақстанның ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын әлемдік деңгейдегі мамандарды тәрбиелей алатынын тағы бір мәрте дәлелдедіңіздер», – деді Ерсайын Нағаспаев.

Жеңімпаздар Earth Systems Project (ESP) бойынша 2 алтын және 1 қола медаль, ITFI (International Team Field Investigation) командалық зерттеуінде 3 қола медаль және Жазбаша сынақ және тәжірибелік сынақ нәтижелері бойынша 1 қола медаль алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1052930?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді