Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз етту департаменті ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған ұйымдардың қызметі кешенді түрде тексерілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📌 №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында және Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына мониторинг жүргізілді

📝 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің тапсырмасына сәйкес, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған ұйымдардың қызметі кешенді түрде тексерілуде.

📍2025 жылғы 13 тамызда Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында және Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына мониторинг өтті. Іс-шараға Жамбыл облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері және Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі Досалиев Нұрбол Бейсенұлы қатысты.

🔎 Мониторингтің негізгі мақсаты – мекеменің инфрақұрылымдық жағдайын, ғимарат қауіпсіздігін, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын, медициналық және арнайы кабинеттердің жабдықталуын, психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастырылуын бағалау болды. Тексеру барысында анықталған деректер негізінде қызмет сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірленді.

📊Орталықтың жалпы жай-күйі мен қызмет көрсету сапасы оң бағаланды. Департаменттің жүргізген мониторингі мекеменің жұмысын жүйелі түрде бағалауға, анықталған мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге және қызмет тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне жолданады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zhambyl/press/news/details/1052708?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді