НҰРА АУДАНЫНДА ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 18 тамыз күні Нұра ауданында білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Биылғы кеңестің тақырыбы – «Білім келешегі: Адал азамат – кәсіби маман».

Жиынға Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов, Қарағанды облысы білім басқармасының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, ардагер ұстаздар мен білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.

Кеңес барысында өткен оқу жылының қорытындылары шығарылып, жаңа оқу жылындағы негізгі мақсаттар айқындалды. Нұра аудандық білім бөлімінің басшысы Дархан Такишев 2024–2025 оқу жылында қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды. Атап айтқанда, аудан бойынша білім сапасы 59% құрады (өткен жылмен салыстырғанда 2%-ға артық), 7 түлек «Алтын белгі», 14 түлек «Үздік аттестат» иегері атанды. Сонымен қатар, 59 мектеп бітіруші мемлекеттік білім грантын иеленді.

Баяндамада инклюзивті білім беру бағытындағы жетістіктер атап өтілді: ерекше білімді қажет ететін балаларға қолдау кабинеттері ашылып, аудан мектептері толықтай жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылды. Жаңа оқу жылынан бастап оқу процесіне жасанды интеллект элементтері кезең-кезеңімен енгізілмек.

Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов ауыл мектептерінің жағдайына ерекше тоқталып, ұстаздардың қажырлы еңбегіне алғысын білдірді. Сондай-ақ, білім беру сапасын арттыру, кадр тапшылығын шешу, оқушылардың тәрбиесі мен рухани құндылықтарын нығайту бағытында нақты тапсырмалар берді.

Кеңес аясында үздік педагогтар Қарағанды облысы білім басқармасының және аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/1052719?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді