Абайдың 180 жылдығына арналған республикалық «Абай оқулары» байқауының қорытындылары жарияланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18 тамыз күні ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің қолдауымен Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы ұйымдастырған ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған дәстүрлі республикалық «Абай оқулары» байқауы өз мәресіне жетті.

Шара Астанадағы Абай мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысында орналасқан Абай ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталып, кейін Ұлттық орталықтың ғимаратында  жалғасты. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 51 қатысушы (48 өтінім) жиналып, үш аталым бойынша бақ сынады:

«Өлең – сөздің патшасы» және «Абайдың қарасөздері» (көркемсөз оқу);

«Әлем таныған Абай» (эссе жазу);

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» (ән орындау).

ҚР ДСМ Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы Айжан Алдоңғарова Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың байқау қатысушыларына құттықтауын оқыды. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасының құттықтауын  Медициналық қызметтерді профилактикалық бақылау басқармасының басшысы Айгүл Исқақова  жеткізді. 

Байқаудың әділқазылар алқасына мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік органдар өкілдері және Ұлттық орталық сарапшылары кірді. Олар қатысушылардың шығармашылық деңгейін, мәнерлеп оқу және Абай мұрасын жаңаша жеткізу шеберлігін бағалады. Әділқазылар құрамына ҚР ДСМ Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы Айжан Алдоңғарова, Медициналық қызметті профилактикалық бақылау басқармасының басшысы Айгүл Ысқақова, ҚР ДСМ МФБК жетекші маманы Алмас Исақ, Республикалық «Ардагерлер ұйымы» Орталық кеңесінің жауапты хатшысы, ақын Оспан Бейбіт, Ұлттық орталықтың аудармашы-маманы, «Даналық» төсбелгісінің иегері Күлшетай Никбаева, Ұлттық орталық сарапшысы, өткен жылғы «Абай оқуларының» жүлдегері Шынар Наукенова, сондай-ақ кеңесші ретінде Ұлттық орталықтың аудармашы-маманы, ақын әрі журналист Гүлзира Серғазы  төрелік етті.

Аталымдар бойынша жеңімпаздар:

«Өлең – сөздің патшасы» және «Абайдың қарасөздері» аталымы

I орын — Жаңбыршын Аруай Құрманғазықызы, ҚР ДСМ С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтау департаментінің Алматы қалалық филиалы, медициналық-статистикалық талдау және сараптама бөлімінің бас маманы (Алматы);

II орын — Саттарова Жадыра Нәбиқызы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» баспасөз қызметінің аға менеджері (Астана);

III орын — Қожабекова Жұлдыз Қазиханқызы, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің Тілдер кафедрасының аға оқытушысы (Ақтөбе).

«Әлем таныған Абай» (эссе) аталымы

I орын — Ербатыров Мейрамбек Халелұлы, «СҚ-Фармация» ЖШС «Мобрезерв» филиалының жұмылдыру резервінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және сатып алу бөлімінің менеджері (Астана);

II орын — Жұмаділ Балнұр Нұрболқызы, «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институты» ЖШС аға зертханашысы (Жамбыл облысы, Қордай ауданы);

III орын — Ақжігіт Мөлдір Әкбарқызы, ҚР ДСМ С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтау департаментінің Қызылорда облыстық филиалы, медициналық-статистикалық талдау және сараптама бөлімінің басшысы (Қызылорда).

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» аталымы

I орын — Асқар Сандуғаш Маратқызы, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, медициналық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы (Түркістан);

II орын — Маретбаева Марина Әбілжанқызы, Қарағанды медициналық университетінің Тілдерді дамыту орталығының басшысы (Қарағанды);

III орын — Иманбаев Мерей Нұриденұлы, Семей медициналық университетінің Б.С.Бұланов атындағы Жүрек-қантамыр және торакальді хирургия кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы (Семей).

Ұйымдастырушылар атап өткендей, «Абай оқулары» – әдебиетті, мәдениетті және ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ерекше дәстүр. Медицина саласы қызметкерлерінің шығармашылығы мен рухани ізденісін ұштастыра отырып, байқау әрбір қатысушыға шабыт сыйлады. Абай мұрасы – ұрпақтың парасаты мен мәдениетінің тірегі. Бұл байқау жас мамандардың жүрегіне ұлттық рух пен адамгершілік құндылықтарды терең сіңіруге жол ашты.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kmfk/press/news/details/1053015?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді