Жаздық жолдама: жаңа ашылуларға жол

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Жаздық жолдама» жобасы аясында Сандықтау ауданының мектеп оқушылары Қазақстанның ең көркем аймақтарының бірі – Бурабай ауданында орналасқан «Жұлдызды» балалар сауықтыру орталығына демалуға аттанды. Бұл сапар балалар үшін шаттыққа, жаңа әсерлер мен қызықты оқиғаларға толы нағыз мерекеге айналды.

Жолға шығар алдында балалармен қауіпсіздік ережелері бойынша жан-жақты нұсқама жұмыстары жүргізіліп, лагерьдегі тәртіп пен мінез-құлық ережелері түсіндірілді. Ата-аналар мен ұстаздар балаларға сәтті демалыс, ұмытылмас әсерлер мен жаңа достық кездесулер тіледі.

Лагерьде балаларды қызықты әрі мазмұнды бағдарлама күтуде: спорттық жарыстар, шығармашылық шеберлік сағаттары, көңілді ойын-сауық шаралары, табиғат аясындағы экскурсиялар және әртүрлі бағытта өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері

қарастырылған. Әсіресе, балалардың денсаулығын нығайтуға, қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге және шығармашылық қабілеттерін ашуға ерекше көңіл бөлінеді.

«Жаздық жолдама» жобасы балаларға жазғы демалысты тиімді өткізіп, жаңа білім мен пайдалы дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ жарқын әсерлерге толы тамаша естеліктер жинауға мүмкіндік беріп отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1053081?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді