Генералдар жолымен: Ақтөбеде жас полицейлер мен ардагерлердің патриоттық кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

11 тамыз күні Ақтөбеде ерекше тағылымды жиын өтті. ІІМ ардагерлері, полиция генерал-майорлары Қожамұрат Ускимбаев пен Патрис Нокин туған өлкесіне келіп, жас тәртіп сақшыларымен жүздесті.
Бұл – ұрпақтар сабақтастығының, жауынгерлік рух пен құрметтің айқын көрінісі. Генералдар өздерінің қызмет жолы, өмірлік ұстанымы мен қиындықтарды жеңу тәжірибесі туралы айтып, жас полицейлерге шабыт сыйлады.
Жас қызметкерлер де алғашқы қадамдары мен тәлімгерлерінің қолдауы жайлы ой бөлісті. Полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов ардагерлерге алғысын білдіріп, полиция қызметінің жауапкершілігін атап өтті.
Іс-шара соңында үздік жас мамандар мен олардың ата-аналары марапатталып, жаңадан қызметке кіріскен полицейлер алғашқы қызметтік куәліктерін қос генералдың қолынан салтанатты түрде алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1053075?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді