Бейімбет Майлин ауданы бойынша 2 сумен жабдықтау жобасы іске асырылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бейімбет Майлин ауданы бойынша 2 сумен жабдықтау жобасы іске асырылуда:

–    «Николаевка ауылында сумен жабдықтау жүйесін салу». 2025 жылы жобаны іске асыруға 1 265,8 млн теңге бөлінді (АСҚҚ – 1 008,2 млн, ЖБ – 257,6 млн). Нысан – биылғы жылы іске қосылатын жоба. 

Жобаны іске асыру нәтижесінде жалпы халық саны 250 адамды құрайтын Николаевка ауылы алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылады; 

– «Тобыл кентінің II көтерілім станциясына дейін қосымша су тазарту станциясы мен магистральдық су құбырын салу». Жобаны іске асыруға 2025 жылы 815,2 млн теңге бөлінді (ҰФ – 733,7 млн, ЖБ – 81,5 млн). Нысан – 2026 жылға өтпелі.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-energetika-kommunal/press/news/details/1053148?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді