
Кеше ауданымызға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Шүжеева Әзиза Темірқызы облыстық бірқатар сала өкілдерімен бірге жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылындағы «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының қызметімен танысып, көрсетілетін әлеуметтік көмектің қолжетімділігі мен тиімділігіне баға берілді.
Орталықтағы жұмыс барысы мен көрсетілетін қызметтердің сапасы, көпбалалы және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға ұсынылатын қолдаудың қолжетімділігі мен нәтижелілігі жан-жақты сарапталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1053144?lang=kk
Жауап қалдыру