Аккаунтыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Полиция аккаунтыңызды алаяқтардан қорғау жолдарын еске салды.

Жеке парақшаларыңыз бен деректеріңіз қауіпсіз болуы үшін:

  • Құпиясөз 12345 болмауы керек!

Ұзын, күрделі құпиясөз қойыңыз: бас және кіші әріптер, сандар және арнайы белгілер (@, #, &) болсын. Аты-жөніңізді, туған күніңізді немесе қарапайым сөздерді қолданбаңыз.

  • Құпиясөзді дұрыс сақтаңыз.

Телефондағы “Notes”-қа немесе қағазға жазбаңыз. Оның орнына пароль менеджерін қолданыңыз — ол сізге жаңа құпиясөз құрып, сақтап, қажет болғанда ауыстырып береді.

  • Видео мен қоңыраудағы адамды тексеріңіз.

Алаяқтар дипфейк қолдануы мүмкін. Сөйлесіп отырған адамнан басын бұруын немесе жанында тұрған затты көрсетуін сұраңыз. Шұғыл ақша жібермеңіз — “туыс” болса да, алдымен қоңырау шалып, растаңыз.

  • Әлеуметтік желіде абай болыңыз.

Көптеген платформа жасанды интеллектпен жасалған суреттерді белгілейді және күмәнді контент туралы ескертеді.

  • Сен, бірақ тексер.

Күмәнді хабарлама келсе — басқа мессенджер немесе телефон арқылы қайта хабарласыңыз.

Деректеріңізді қорғаңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1053167?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді