КЕЗЕКТІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде бірқатар маңызды мәселелер қаралып, жоспарлы жұмыстар пысықталды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, жауапты сала мамандары қатысты.
Мәжілісте күн тәртібіндегі алғашы мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Батырбек Сыздық 2025 жылғы ауыл шаруашылығы санағының дайындық және өткізілу барысы туралы баяндады. Ол сөзінде ауыл шаруашылығы саласының негізгі көрсеткіштерін толық қамту, деректердің нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстарды атап өтті. Сонымен қатар, сала бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен алдағы міндеттер жөнінде айтып, жұмыс барысында туындаған негізгі мәселелерге тоқталды.
Жиында аудан әкімі жауапты сала орынбасарлары мен ауыл округтерінің әкімдеріне санақ жұмыстарының уақытылы және сапалы жүргізілуін қатаң бақылауға алуды тапсырды. Ауданда санақтан өткен шаруашылықтардың үлесін арттыруды, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, жауапты мамандардың жұмысын жүйелеу қажеттігін атап өтті.
Келесі кезекте аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Саттар Нәлібай хабарлама жасап, аудан көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының орындалуы, санитарлық тазалық жұмыстары және жаңа жылу маусымына дайындық барысы туралы баяндама жасады. Бөлім басшысы тұрғындар арасында тазалықты сақтау мәдениетін қалыптастыру, жылу маусымына көпқабатты тұрғын үйлер мен бюджеттік мекемелердің ғимарараттарының жылыту жүйелерін қысыммен тексеру, шаю, қазандықтарды жөндеу және дайындау, қатты және сұйық отынға қажеттілікті нақтылап, тасымалдау жұмыстарын жүйелі жүргізу бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың қарқыны мен алдағы жоспарларды кеңінен түсіндірді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, атқарылып жатқан жұмыстарды сапалы әрі бекітілген кестеге сәйкес орындауды міндеттеп, өз бақылауында болатынын ескертті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1053194?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді