Түркістан облысында «Turkestan Arena» стадион ғимаратында дене шынықтыру және спорт басқарма қызметкерлерімен терроризмге қарсы түсіндірме профилактикалық шаралары өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ү.ж. 06 тамыз күні ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімі, Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен, Түркістан облысы «Turkestan Arena» мәжіліс залында, Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлеріне терроризмге қарсы түсіндіру сабақтары жүргізілді (іс-шараға 74 қызметкер қатысты).
Іс – шараға қатысқан дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлеріне террористік қауіп туындаған кезде іс-қимыл тәртібі бойынша және күзетшілердің іс-әрекет алгоритмі түсіндірілді.
Сонымен бірге, нақты мысалдарды пайдалана отырып, объектілерде алғашқы әрекет ету алгоритмі және олардың айналасындағы күдікті адамдар мен заттарды анықтау, қылмыс жасау немесе қатер төндіру туралы хабарламаларды (телефон, почталық арна, электрондық почта және т.б.) лаңкестік әрекеттерді жасау, орнатылған жарылғыш заттар, қарулы шабуыл, сондай-ақ кепілге алдынған кезде, қалай іс-әрекет ету керектігі түсіндірілді.
Жиын қорытындысы бойынша, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауапты қызметкерлермен толыққанды жауаптар берілді.

 

ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті ТҚО бөлімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1053235?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді