
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған кандидатура қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы ММ басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Сыдықовтың кандидатурасына келісім берді.
Үміткердің спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңірдегі спортты дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды.
Кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның мақұлдауынан кейін жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1053308?lang=kk
Жауап қалдыру