Көлік министрі Марат Қарабаев «RHENUS» компаниясы тобының арнайы уәкілі Генрих Керстгенспен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу барысында қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар мен еліміздің транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін мультимодалды тасымал және логистикадағы қоймалау саласындағы болашақ жобалар талқыланды.
«RHENUS» логистика саласындағы әлемдегі ең үздік әрі ірі 25 компанияның қатарына кіреді. Еуропада 70 терминалы, контейнер типтес 22 терминалы бар.
Қазақстан аумағы арқылы Еуропадан Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияға апаратын дәліздер өтеді. Генрих Керстгенс Қазақстанның жаһандық логистикадағы рөлін ерекше атап өтті және қазақстандық компанияларды тарта отырып жаңа терминалдар желісін дамытуға қызығушылық танытты. Осындай жобалардың бірі ретінде Ақтау теңіз порты аумағында контейнер терминалын салып, оны темір жол желісіне қосу көзделіп отыр.
Марат Қарабаев көлік-логистика әлеуетін арттыру үшін инвесторлармен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/956978


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді