Жергілікті бюджеттен бөлінетін гранттарға құжат қабылдау басталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

16–18 тамыз аралығында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде бакалавриат бойынша оқу үшін жергілікті бюджет есебінен бөлінген 40 білім грантына өтініштер қабылданады.

🔹 Қатысуға ҰБТ нәтижесі бар талапкерлер шақырылады, ал шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтар бойынша грантқа тек шығармашылық емтихан тапсырған ЖОО-да ғана қатысуға болады.
🔹 Құжаттар сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады.
🔹 Қажетті құжаттар тізімі (2 дана: түпнұсқа және көшірме):
 • өтініш (орнында толтырылады);
 • білім туралы құжат;
 • ҰБТ сертификаты;
 • 075 нысанды медициналық анықтама;
 • жеке куәлік;
 • әлеуметтік осал топқа жататынын растайтын құжаттар (бар болса).

ℹ️ Әр грант иегерімен 3 тарапты келісімшарт (Әкімдік–ЖОО–студент) жасалады. Оқуды аяқтағаннан кейін кемінде 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс істеу міндетті.

📅 Құжат қабылдау мерзімі: 16–18 тамыз
📍 Өтетін орны: Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Байланыс телефондары: 8-708-639-82-83, 56-85-60

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/1053357?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді