
“Заң және тәртіп” қағидаты мен “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Шардара ауданында жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Оның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері 123 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Соның ішінде 21 дерек — қоғамдық орындарды ластаумен, ал 27-і — қоғамдық тәртіпті бұзумен байланысты болған. Көші-қон заңнамасын бұзған 7 шетелдік азамат анықталып, оларға қатысты жинақталған материалдар сотқа жолданды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында да бірқатар заңбұзушылықтар тіркелді: барлығы 68 құқық бұзушылыққа тосқауыл қойылып, 20-дан астам автокөлік пен мотоцикл айыптұраққа қойылды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әсіресе интернет-алаяқтықтың алдын алу, алаяқтық схемаларын тану, жеке деректерді қорғау бойынша пайдалы ақпараттар берілді. Түркістан облысы полиция департаменті мәлімдегендей, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1053418?lang=kk
Жауап қалдыру