
Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы С. Мусиннің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиын өтті.
Жиында аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау, ауылдық округтердегі ауыз су жүйелерін «Қарқаралы Су» мекемесінің балансына беру, аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету туралы және басқа да жедел сұрақтар қаралып, сала жетекшілері атқарылып жатқан жұмыстар бойынша ақпарат берді.
Істеліп жатқан жұмыстармен қатар өзекті сұрақтарды шешу жолдары қаралып, мәселелер жан-жақты талқыланды және тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/1053521?lang=kk
Жауап қалдыру