О готовности организаций образования к новому 2025-2026 учебному году

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 19 тамызында Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы білім беру ұйымдарының жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындығы мәселесі бойынша облыс әкімінің алқа жиналысына қатысты.

Департамент басшысы өткізілген бақылау іс-шараларының қорытындылары туралы баяндама жасады, олардың арасында мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы бойынша жыл сайынғы өткізілетін мониторинг қорытындысына тоқталды.

Мониторингпен 11 мектеп қамтылды, онда жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылы күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан 10 мектеп, жаңғырту бойынша 42 мектеп, сондай-ақ аула дәретханаларын бөлшектеу бойынша мониторинг қорытындылары, басшылар мен педагогтардың бос жұмыс орындарының болуы туралы атап кетті.

Жаңарту барысының тексеру қорытындысы бойынша барлық                                    11 мектепте жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде, көптеген мектептерде жөндеу жұмыстары кешенді емес, іріктеп жүргізіледі екендігі байқалды.

Педагогтердің бос орны бойынша 985 маманға қажеттілік бар, оның ішінде ауылдық жерлерде – 675, 444 мектептің 44 бірінші басшылар жоқ екендігі туралы айтты.

Бос лауазымдарға тағайындау бойынша Департамент басшысы «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы бойынша оқудан өткен өңір педагогтарын тартуды ұсынды.

Өңірде жаңа мектептерді іске қосу бойынша мемлекеттік органдарға жаңадан ашылатын мектептердің лицензиясын уақтылы алу жөнінде шаралар қабылдауды ұсынды.

Бақылау іс-шаралары шеңберінде орта білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарына сәйкестігі мектептерді мемлекеттік аттестаттаудан бірінші рет өтудің төмен деңгейін атап өтті.

Сонымен қатар, жаңғыртумен қамту жергілікті бюджет мүмкіндіктері шегінде жүзеге асырылатынын назарға ала отырып, Гүлнәр Темірболатқызы жаңғырту шеңберінде өткізілген іс-шаралардың жақсы деңгейде жүргізілуі туралы айтты.

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1053576?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді