
Оқыту жұмыстарын жүргізу шеңберінде және өңірде жұқпалы ауруларды таратпау жөніндегі профилактикалық мақсаттарда, Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының мамандарымен «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ медициналық пунктінде Қытай Халық Республикасының Гуадун провинциясының аумағында чикунгунья ауруына, оның пайда болуы мен таралуына байланысты тақырыптық дәріс ұйымдастырды.
Іс-шара барысында «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ қызметкерлеріне чикунгунияның алдын алу, зертханалық зерттеу, диагностика және емдеу, сондай-ақ салауатты өмір салтының негіздері мәселелері жеткізілді.
Дәріс өзекті тақырыптарға арналған жадынамалар мен брошюралар таратумен, «сұрақ-жауап» форматында қорытындылаумен және пікір алмасумен аяқталды .
Жүргізілген жұмыс осы іс-шараның өзектілігін, материалды ұсынудың қол жетімділігі мен мазмұнын көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1053625?lang=kk
Жауап қалдыру