
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалында асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің кімдерге тағайындалатыны және олардың айырмашылығы түсіндірілді.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы республикалық бюджеттен төленеді және қайтыс болған асыраушысының қамқорлығында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелеріне тағайындалады. Аталған жәрдемақы түрі жәрдемақы алу құқығы пайда болған күннен бастап тағайындалады, алайда жәрдемақы барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берген күнге дейінгі 12 айдан артық мерзімге тағайындалмайды.
Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем, егер асыраушы еңбекпен қамтылған немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған болып, ол үшін міндетті әлеуметтік аударымдар жүргізілген болса, тағайындалады. Бұл жағдайда асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы қайтыс болған (не сот шешімімен хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған) жағдайда, әлеуметтік тәуекел туындаған сәтте оның отбасы мүшелері әлеуметтік төлем алушылар болып табылады.
«2025 жылдың басынан бері өңірде асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін 623 өтініш және әлеуметтік төлем тағайындау үшін 196 өтініш қабылданды», – деп атап өтті филиал директорының орынбасары Мұхтар Алимбетов.
Еске сала кетейік, асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен әлеуметтік төлем тағайындауға арналған өтінішті қажетті құжаттарымен бірге халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы, электрондық үкімет порталы арқылы немесе проактивті форматта беруге болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1053621?lang=kk
Жауап қалдыру