Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

С-О-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

            Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

            Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

            2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

            3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы

 

Санаты

Еңбек сінірген жылдарына байланысты

min

maх

С-О-3

354069

406714

 

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті, индекс 160024,

Шымкент қ., Нұрсәт тұрғын үй алабы, ғимарат 4542, тел. 8/7252/ 95-57-11, электрондық пошта: ok_dchs_shym@emer.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

 

  1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының басшысы (С-О-3 санаты, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері:

Басқарманың қызметін ұйымдастыру және басшылық ету; Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша тұжырымдамаларды, бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарын, арнайы жобаларды әзірлеу бойынша басқарманың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету. басқарманың құзыреті шегінде бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын және Комитеттің, Департаменттің жұмыс жоспарларын орындауды ұйымдастыру; қадағалауға жататын қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті  қамтамасыз ету жағдайына талдау жүргізу; белгіленген тәртіпте және құзыреттілігі шегінде реттелетін салаларда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуді жүзеге асыру; басқарманың жылдық жұмыс жоспарын әзірлеу; басқарманың атқарған бақылау-қадағалау жұмыстарының айлық, тоқсандық және жылдық есебін дайындау және уақтылы жіберуді ұйымдастыру; өз құзыреті шегінде Министрліктің және Комитеттің, Департамент басшылығының  бұйрықтары, тапсырмаларын орындау; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыз-шағымдарын, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді сапалы және мерзімінде қарауды қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамаға сәйкес әкімшілік жаза тағайындау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде жүйелік мәселелерді анықтауды және талдауды жүзеге асырады; жоғары тұрған органдардың, басшылардың тапсырмаларын уақтылы орындауды ұйымдастыру, оларға жауаптар дайындау; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін әзірлеуге және талаптарға сәйкестігін тексеру жүргізу тәртібінің графигін қалыптастыруға қатысу; Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ерекше жағдайларды, соттың шешімінісіз жеке кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін міндетті түрде көрсетілген мерзімде сотқа талап арыз бере отырып, үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұру немесе тыйым салу; Екі және одан да көп облыстар шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектіні, сондай-ақ «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу; Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алуды және есептен шығаруды жүзеге асыру; мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;  мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзыреті шегінде қауіпті өндірістік объектідегі аварияны, авария салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу; өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарға толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар дайындау; өнеркәсіптік қауіпсіздіктің өзекті мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына материал дайындау; қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманы келісу үшін қарау; қызметтің тиісті бағыттары бойынша орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстволарымен, Департаменттің бөлімдерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарымен және ведомстволарымен келісілген, реттелген, үздіксіз әрекеттестікті және ақпараттық алмасуды ұйымдастыру; қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруларға қатысу; Қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланушы ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына өнеркәсіптік қауіпсіздік салаласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру; Қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимаратын, технологиялық құрылыстары мен мен техникалық құрылғыларын, қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландырудың уақтылы жүргізілуіне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру; мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасы мен уақтылылығын бағылау; қауіпті өндірістік объектілердегі оқу дабылдарын және аварияларға қарсы жаттығулар өткізуге қатысу; жарылыс жұмыстарының өндірісіне рұқсат береді; өндірістік жағдайларда жарылғыш заттар және олардың негізіндегі бұйымдардың тәжірибелік топтамасын бақылау мен қабылдау сынақтарына қатысуға басқарма қызметкерлерін жіберу. қауіпті өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне мониторингті ұйымдастыруға және терроризмге қарсы іс-шараларды жүргізуге қатысу; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесіндегі (оның бір бөлігіндегі) операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысу; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі комиссияға қатысу. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысу. Қабылданған нормативтік құқықтық актілерді, Департамент, Комитет және Министрлік басшылығының нұсқауларын іске асыру нәтижелері бойынша есептік материалдар мен ұсыныстар дайындау; Жаңа технологияларды, басқарудың прогресті түрлерін, еңбекті бағалаудың критерийлерін кең қолдану негізінде қызмет атқару; Заңдылықты, қызметтік және еңбек тәртібін сақтау туралы алдын алу шараларын қолдану, ұжымдағы қызметтік өзара қатынасты реттеу; тәлімгерлік институтын қызметте қолдану; басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бағытында тиісті жұмыстарды жүргізіп отыру; басқарманың моральдық және психологиялық климатты тиісті оң деңгейде ұстау; Министрліктің Стратегиялық жоспарын, Департаменттің және басқарманың жұмыс жоспарын іске асыру және өзге де жүктелген міндеттерді атқару.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қызметтер (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі); бизнес, басқару және құқық (құқықтану); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (геология және пайдалы қазбалар кен орындарын  барлау және/немесе пайдалы қызбаларды байыту және/немесе машина жасау және/немесе автоматтандыру және басқару және/немесе жылу энергетикасы және/немесе жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы және/немесе көлік, көлік техникасы және технологиялары және/немесе электр энергетикасы технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша) және/немесе металлургия және/немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) және/немесе тау-кен ісі және/немесе мұнай газ ісі саласының мамандықтары бойынша.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде “Е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі не “Е-gov” электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

            1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

            2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

           Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

            Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам тапсырылған құжаттарды кандидаттардың Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды

            Конкурс қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу және эссе, сондай-ақ қажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

            Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

            Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

“Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік

лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

Мені ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

            “Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

            Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

            Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын  транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                                                                (иә/жоқ)

            Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

            Қоса берілген құжаттар:

            _________________________________________________________________________

            __________________________________________________________________________

            __________________________________________________________________________

            Мекенжайы: _______________________________________________________________

            Байланыс телефоны: ________________________________________________________

            e-maіl: ____________________________________________________________________

            ЖСН: ____________________________________________________________________

 

            _________           _______________________________________

                     (қолы)                                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

“___”_______________ 20 __ ж.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1053645?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді