Адам папиллома вирусы бойынша ақпараттық дәріс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«AIR WAY» ЖШС қызметкерлері арасында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарымен Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар,  алдын алу адам папиллома вирусы (бұдан әрі – АПВ) тақырыптары бойынша ақпараттық дәріс өткізілді.

         Дәріс шеңберінде аудиторияға қоғамдық тамақтандыру объектілерінің үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстары мен жабдықтарын күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі талаптар; тамақ өнімдерін сақтау, өткізу және кәдеге жарату шарттары бойынша талаптар; персоналдың еңбек шарттары және міндетті медициналық тексеруге және персоналды гигиеналық оқытуға жататын адамдардың нысаналы топтары бойынша талаптары жеткізілді, сондай-ақ, АПВ пайда болу себептері мен алдын алу шаралары түсіндірілді. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

         Дәріс соңында ботулизмнің, жүрек-қан тамырлары ауруларының, тамақтан уланудың алдын алу бойынша жадынамалар мен буклеттер таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1053629?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді