
Жобаны іске асыру мерзімі 2025–2028 жылдарға жоспарланған. Ол елорданың сумен жабдықтау жүйесін күшейтіп, қала қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Негізгі көрсеткіштер:
- №4 сорғы-сүзгі станциясының қуаты – тәулігіне 210 мың м³
- Су құбырының ұзындығы – 203 км-ден астам.
Құрылыс мердігері – China Gezhouba Group Co., LTD. Қазір станция алаңында котлован қазу, геодезиялық және геологиялық зерттеулер жүргізілуде.
Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Тапсырыс беруші – «Elorda Aqua» ШЖҚ МКК, қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыз есебінен іске асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1053675?lang=kk
Жауап қалдыру