
Бүгін, Қорғалжын аудандық мәслихатының төрағасы Берік Оралбайұлы Рыспаев, аудан әкімі Алмас Аянұлы Алин, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Нұрлан Есіркепұлы Тәжинмен бірге Министрліктер үйінің «Азаматтарды қабылдау орталығы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Омарбеков Бауыржан Бақытұлының жеке қабылдауында болды.
Қабылдау барысында Қорғалжын ауылында салынып жатқан “Дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне жетпейтін қаражатты қарастыру, Қорғалжын – Баршын бағытындағы аудандық маңызы бар автокөлік жолын орташа жөндеу жұмыстарына және Жантеке, Шалқар, Арықты ауылдарындағы Мәдениет Үйлерін күрделі жөндеуге, салуға қаражат бөлу мәселелері қаралып, талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korgal/press/news/details/1053671?lang=kk
Жауап қалдыру