
Өтетін күні: 2025 жылғы 29 тамыз 📍 Өтетін орны: Renaissance қонақ үйі, Атырау қаласы 🕐 Басталу уақыты: 13:00
❓Форумнан не күтуге болады:
✔️ Бұл форум — мұнай-газ саласындағы жетекші мамандарды, ірі операторлардың басшылығын, инвесторлар, IT және финтех саласының өкілдерін, ғалымдар мен стартап жетекшілерін, сондай-ақ жасанды интеллект шешімдерін әзірлеушілер мен мемлекеттік органдардың өкілдерін басын қосатын маңызды диалог алаңы. Олар энергетика мен мұнай-газ секторындағы жасанды интеллекттің рөлі мен келешегі туралы пікір алмасады.
✔️ Форумда жасанды интеллектті нақты жобаларға енгізу тәжірибесі, ірі компаниялардың технологиялық шешімдері, сондай-ақ корпоративтік инновацияларды дамытуға арналған платформалар кеңінен таныстырылады.
📌 Қатысушылар КПО, ТШО, NCOC, QazaqGaz, ҚазМұнайГаз, Silleno, Astana Hub, Schlumberger, Baker Hughes, Halliburton сияқты компаниялардың өкілдерімен, сондай-ақ өнеркәсіптік технологияларға инвестиция салатын ірі серіктестер мен стартап жобалармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алады.
🎯 Форумның басты мақсаты — мұнай-газ саласы мен жасанды интеллект технологияларын ұштастыру, заманауи шешімдерді тезірек енгізуге жағдай жасап, отандық цифрлық экожүйенің дамуына серпін беру.
✔️ Негізгі тақырыптар:
* Мұнай мен мұнай өнімдерін өндіру және тұтынуды жасанды интеллект арқылы болжау
* Геологиялық барлау, бұрғылау және өндіру жұмыстарына жасанды интеллектті қолдану
* Жабдықтардың техникалық жай-күйін алдын ала анықтау және сервистік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру
* Өндірісті автоматтандыру: роботтандыру жүйелері мен цифрлық қауіпсіздік
* Өнеркәсіпке генеративті жасанды интеллект пен машиналық оқытуды енгізу
* Мұнай-газ саласына жасанды интеллект шешімдерін кеңінен енгізуге арналған цифрлық платформалар мен экожүйелер
📧 ‼️Аккредитация мәселелері бойынша келесі мекен-жайға жазуыңызды сұраймыз: press@kazservice.kz
📞 Қатысу бойынша сұрақтар туындаса, мына байланыс нөмірлеріне хабарласыңыз:
Темірлан Алкуат
+7 778 047 4744
talkuat@kazservice.kz
Малика Мұрат
+7 775 826 9520
mmurat@kazservice.kz
🔗 Толық ақпарат: https://kazservice.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1053691?lang=kk
Жауап қалдыру