
Бүгін Талдықорғанда қала әкімі Ернат Бәзілдің қатысуымен Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына жән спорт күніне орай дәстүрлі велошеру ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және қала тұрғындарын дене шынықтыруға тарту.
Велошеру Жалайыри даңғылынан басталып, 6 шақырымды қамтыды. Оған 300-ге жуық адам, соның ішінде кәсіби спортшылар, мемлекеттік қызметкерлер мен қала тұрғындары қатысты.
Қатысушыларды құттықтаған қала әкімі Ернат Бәзіл белсенділік танытқан барша қауымға алғысын білдіріп, Талдықорғанда бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысатын жастардың көптігіне қуанышты екенін атап өтті.
Мерекелік көңіл-күйді арттыра түскен шара барысында лотерея ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, қала әкімінің қатысуымен өткен велошеру осымен жетінші мәрте өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1053727?lang=kk
Жауап қалдыру