Өндірістік бақылаудың маңызы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өндірістік бақылау кәсіпкердің, басшының мемлекет алдында, өз қызметкерлерінің және тұтынушыларының алдында жауапкершілік көрсеткіші болып табылады және қауіпсіз өнімнің кепілі бола алады.

Өндірістік бақылауды жүргізу 2020жылдың 7 шілдедегі №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы » ҚР Кодексінің 82 бап 1 тармақ 4 тармақшасы және ҚР ДСМ 2023жылдың 7 сәуірдегі №62  «Өндірістік бақылауды жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығы негізінде реттеледі.

Өндірістік бақылау (өзін –өзі бақылау )- адамдарға және тұтыну ортасына қауіпсіздік пен зиянсыздықты қамтамасыз етуге бағытталған іс – шаралар кешені, соның ішінде, заңды тұлғамен  немесе жеке кәсіпкермен  көрсетілген қызмет, атқарылған жұмысты және өндірілген өнімді зертханалық зерттеу және сынау. Қарапайым тілмен айтқанда, өндірістік бақылау ұйымда санитарлық ережелерды сақтау үшін жұмыс берушіні бақылау.

Сіздің мекемеңіз қандай бағытта жұмыс жасасада, мейлі өндіріс, мейлі сауда, білім беру немесе басқа да сала болса да, өндірістік бақылау жүргізу қажет.

Өндірістік бақылауға жауапты, лауазымды тұлға жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның бұйрығымен тағайындалды. Өнідістік бақылаудың уақытылы, сапалы және толық жүргізілуі субъектпен қамтамасыз етіледі.

 

Өндірістік бақылау төмендегілерді қамтиды:

  1. Өндірістік бақылау бағдарламасын жасау;
  2. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес зертханалық зерттеулер мен өлшеулерді жүзіге асыру.
  3. Медициналық тексеруден уақытылы және толық өтуді бақылау;
  4. Өнімнің қауіпсіздігін және сәйкестігін растайтын құжаттардың болуын бақылау;
  5. Қауіп факторларын бағалау, анықталған қауіптерді талдау, қауіпсіздік кретерейлерін өндірістік және қоршаған орта факторларының зиянсыздығы және қауіпсіз үдерістерді бақылау әдістерін анықтау.
  6. Өндірістік бақылаумен ұйымдастырудағы байланысты құжаттарды тіркеу және есебін жүргізу;
  7. Халықты, жергілікті атқарылған органдарды, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік мекемені аппаттық жағдайлар туралы, өндірістің тоқтауы, техникалық үрдістің бұзылуы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қауіп төндіретін жұқпалы және паразитарлық, кәсіби аурулар және уланулар б туралы ақпараттандыруды өңдеу;
  8. Өндірістік бақылау бағадарламасындағы іс-шаралардың орындалуын бақылау.

Зертханалық сынамалар мен зерттеулер өндірістік зертхана базасында жеке кәсіпкермен, заңды тұлғамен жүргізіледі немесме ҚР сәйкестікті растау саласындағы аккредиттеу туралы Заңына сәйкес аккредиттелген зертханамен жүргізіледі.

Өндірістік бақылау ұйымдастыру үшін сынамаларды алу және жеткізу зертхана маманымен немесе арнайы оқытылған қызметкермен жүргізіледі.

Өндірістік бақылау нысаны «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығында бекітілген өнімдер мен эпидемиялық мәні бар нысандар болып табылады.

Нысанда жүргізілетін өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат тиісті аумақтың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтың бөлімшесіне (ҚР ДСМ 2023жылдың 7 сәуірдегі №62  «Өндірістік бақылауды жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығы) жарты жылда бір рет келесі айдың 5-күніне осы қағиданың 2- қосымшасындағы нысан бойынша ұсынылады.

Қауіптерді және сыни бақылау нүктелерін талдау (ХАССП) жүйесін енгізген тамақ өнімдерін өндіру нысандарда, өндірістік бақылаудың қосымша бағдарламаларын енгізу талап етілмейді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1053758?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді