Елордада балаларды көшеде ақша жинауға заңсыз тартқан

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   Елордада жасөспірімдерді пайдаланып, қоғамдық орындарда заңсыз ақша жинау деректері тіркелді.

   Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен саябақтарда, ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық көліктерде және көшелерде рейдтер жүргізілді.

   Барлығы 8 кәмелетке толмаған (2008–2010 ж.т.) жасөспірім анықталды. Олармен ешқандай шарт жасалмастан, 3 қайырымдылық қоры оларды волонтер ретінде тартқан (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 86-бабының 3-бөлігін бұзу).

   Аталған қорлар «қайырымдылық» деген желеумен өзге мақсаттарға шамамен 340 млн  теңге жинаған.

   Аталған дерек бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша) қылмыстық іс қозғалды.

   Іс аясында кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекетке тартқаны үшін қордың лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне бөлек құқықтық баға берілетін болады.

   Кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа тарту қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін түсіндіреміз (Қылмыстық кодекстің 132-бабы).

   Бұдан бөлек, Еңбек кодексінің 31-бабында кәмелетке толмағандарға ерекше еңбек шарттары қарастырылған (16 жастан бастап еңбек шарты міндетті түрде жасалуы тиіс, ал 14 жастан бастап ол заңды өкілінің келісімімен ғана рәсімделе алады).

   Аталған талаптарды бұзған жұмыс берушілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 86-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.

   Қайырымдылық қорлары мен ата-аналарды балалардың заңсыз әрекеттерге қатысуына жол бермеу үшін балалардың жұмысына, соның ішінде волонтерлік және басқа да іс-шараларға мұқият болуға шақырамыз.

 Астана қаласының прокуратурасы

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1053747?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді