
«ШЫХО-Қорғас» кеден бекеті кеден заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.
2025 жылдың алғашқы жеті айында «ШЫХО-Қорғас» кеден бекетінің қызметкерлері шекара арқылы тауарлар мен валютаны заңсыз өткізудің ондаған фактісін анықтады. Кейбір тұлғалар электронды темекі, телефон және басқа да гаджеттерді алып өтпек болған.
Ең ірі ұстаулар декларацияланбаған қолма-қол ақшаға қатысты. Осы кезеңде жалпы 26 жағдай анықталып, оның барысында 343 мың АҚШ долларынан астам ақша тәркіленді.
Сот шешімдерімен 12 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, ал мемлекет кірісіне тағы 50 миллион теңге (94 мың долларға жуық) өндірілді.
Сонымен қатар, темекі мен техника да «өтімді» тауарлар болып шықты. «ШЫХО-Қорғас» кеден бекетінің қызметкерлері заңсыз өткізудің жолын кесті:
- 629 дана электронды темекі
- 3 270 қорап темекі
- 347 орам кальян темекісі
- 225 дана ұялы телефон
Аталған заттардың барлығы сот шешімімен тәркіленіп, мемлекет меншігіне алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1053971?lang=kk
Жауап қалдыру