Ақтау көшелеріндегі көрнекі ақпаратқа мониторинг жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

19 тамызда Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп қаланы аралап, көрнекі ақпараттардың жай-күйін шолып шықты.

Атап айтқанда, билбордтардың, қоғамдық тамақтану орындары мен кәсіпкерлік нысандардағы маңдайшалардың орнатылу тәртібі, мемлекеттік тіл нормаларына сәйкестігі тексерілді. Мониторинг кезінде зақымданған және ескірген билбордтар анықталды.

Бекзат Жүсіп жауапты мамандарға кемшілік анықталған жарнама құралдарын жаңалауды және тиісті талаптарға сай келмейтін маңдайшаларды ретке келтіруді тапсырды. Сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігін айтты.

– Тілдік нормаларға міндетті түрде мән беру керек. Қате болмауы керек. Мазмұны да дұрыс болуы тиіс. Баннерлерді уақытлы ауыстырып тұру қажет, – деді қала әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1053996?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді