
Өскемен қаласындағы “Алтай бағбаны-2” саяжай қоғамының аумағында, Береговая көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт шықты.
Келген өрт есептері тар жолдармен және саяжай алқабының тығыз құрылысымен күресуге мәжбүр болды.Өрт алдын ала 84 шаршы метр алаңда тоқтатылды. Өрттен автокөлік құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және өртті тудыруы мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жоюды сұрайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1054006?lang=kk
Жауап қалдыру