Балабақшалардағы профилактикалық іс-шаралар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілерімен нұсқаулық өткізді. Басты назар балаларды үнемі бақылау қажеттілігіне, сондай-ақ тұрғын және білім беру ғимараттарында қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге аударылды.

Профилактикалық жұмыс барысында ақпараттық жадынамалар таратылып, көрнекті орындарға орналастырылды, балалардың терезеден құлау қаупі туралы ескертумен ата-аналарға арналған бейнероликтер дайындалды және жолданды.

Сонымен қатар, терезелер мен балкон есіктерінің техникалық жай-күйіне бекіту құрылғыларының жарамдылығы мен олардың мықтылығы тексерілді.

Жаз мезгілінде балалардың терезе мен балкондардан құлап кету қаупі артады. Павлодар облысының ТЖД балаларды тұрақты бақылау қажеттігін еске салады!

– Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелері мен балкондары ашық бөлмелерде;

– Ешқашан москит торларын қорғаныс құралы ретінде пайдаланбаңыз-бала оларға сүйеніп, құлап кетуі мүмкін;

– Терезелер мен балкон есіктеріне сенімді құлыптау құрылғыларын орнатыңыз;

– Балалармен қауіпсіздік ережелері туралы әңгімелер өткізіңіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1054198?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді