Лауазымдық міндеттері:
– ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық етеді;
– ұйымның саясаты мен стратегиясын белгілейді;
– мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
– сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
– шарттарды және мәмілелерді жасайды, қажетті есептіліктердің ұсынылуын қамтамасыз етеді;
– еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Мыналарға жауапты болады:
– қаржы-шаруашылық қызметіне, мүліктің сақталуына;
– таза кірістің белгіленген бөлігін бюджетке уақтылы аудармағаны үшін;
– Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған жүктелген өзге де функциялары үшін.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, ҚР әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексін, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі.
Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызметтер (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім; мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде www.e-qazyna.kz тізілім веб-порталында ресімделген және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып қол қойылған, қазақ және орыс тілдерінде еркін нысанда ресімделетін түйіндемені қоса отырып, 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді электронды түрде береді.
Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады.
Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
|
|
Қосымша 1 |
|
____________________________ |
|
Конкурсқа қатысуға өтініш
Мені, ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
__________________________________________________________________
(кәсіпорынның атауы)
кәсіпорнының басшысы лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
“Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 тіркелген) бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Менің дербес деректерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан жинауға және өңдеуге өз келісімімді білдіремін.
Ұсынылған құжаттардың анықтығын растаймын және көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауапкершілік аламын.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мекен-жай _______________________________________________________
Байланыс телефондары ______________________________________________
e-mail: ____________________________________________________________
ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) _____________________________________
_________ _________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы “____” _______________
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-madeniet/press/news/details/1054194?lang=kk
Жауап қалдыру