
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Назарәлі Селімов өңірде жұмыс істеп тұрған «Қазавиапас» тікұшағын қарап шықты.
Танысу барысында мамандар ұшақтың техникалық мүмкіндіктеріне тоқталды. Тікұшақ ВСУ-5 су ағызу құрылғысымен жабдықталған, ол бір уақытта отқа 5 тоннаға дейін суды түсіруге мүмкіндік береді.
Өрт сөндіру міндеттерінен басқа, МИ-8 басқа да көптеген тапсырмаларды орындауға қабілетті: адамдарды эвакуациялау, гуманитарлық көмек жеткізу және іздеу-құтқару жұмыстарына қатысу.
Мұндай техника қостанайлық құтқарушылардың мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтіп, төтенше жағдайларды жою жылдамдығын арттырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1054244?lang=kk
Жауап қалдыру