Балық шаруашылығы саласын цифрландырудың жаңа кезеңі аясында e-Fish жүйесі пилоттық режимде іске қосылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балық өнімдерінің көлеңкелі айналымын болдырмау және цифрландыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Балық шаруашылығы комитеті пилоттық режимде «Балықтар мен басқа да су жануарларын мониторингтеу» (бұдан әрі – e-fish) қадағалау ақпараттық жүйесін енгізді.

E-fish жүйесінің негізгі мақсаты – есепке алу, рұқсат беру құжаттарын ресімдеу, балық ресурстарын өндіру мен олардың айналымын бақылау үдерістерін автоматтандыру, сондай-ақ саланың бірыңғай дерекқорын құру.

E-fish нақты уақыт режимінде балық пен балық өнімдерінің аулану көлемін, тасымалдануын және өткізілуін бақылауға, сенімді статистикалық деректер қалыптастыруға және мәліметтерді өңдеу кезінде адами фактордың әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні e-fish келесі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктірілген: «Е-лицензиялау» (Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі), ӘІБТ (Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі) және ТСОБТ (Тексерілетін субъектілер мен объектілердің бірыңғай тізілімі) (Бас прокуратура), жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ «АСТАНА-1 (Кеден)» (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі) және агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі – «E-Agriculture» ақпараттық жүйесімен.

Сонымен қатар, «Аквакультура мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы аясында, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңына енгізілген нормаға сәйкес, балық шаруашылығы субъектілері балықтар мен басқа да су жануарларын мониторингтеу ақпараттық жүйесінде тіркеліп, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен оған тиісті деректер мен мәліметтерді енгізуге міндетті. Бұл норма ағымдағы жылдың 13 тамызынан бастап күшіне енді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/press/news/details/1054232?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді