ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 19 тамыз күні Бөрлі аудандық мәслихатының тұрақты комиссия отырысы депутат М.Дияровтың төрағалығымен өтті.

Комиссия отырысында келесі мәселелер сессияның күн тәртібіне шығарылды:

  1. «Аудан әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы» есебі туралы
  2. Бөрлі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жұмыс барысы мен аудан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы
  3. 2025-2026 жылдардың күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындығы туралы
  4. Бөрлі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №22-2 «2025-2027 жылдарға арналған Бөрлі ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  5. Бөрлі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Ақсай қаласы және ауылдық округтердің бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  6. Бөрлі ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы
  7. Бөрлі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы №24-5 «Бөрлі ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешімін жою туралы.

 

Сонымен қатар, аудан, Ақсай қаласы және ауылдық округтер бюджеттерінің нақтылауы бойынша мәселелермен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова баяндады. Мәслихат депутаттары К.Ермекбаев, С.Мурзашев, Б.Гадельшиев, С.Дуйсенов, А.Елеусинова бюджетке байланысты сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1054229?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді