
Қосшы қаласы мәслихатының депутаты Баянды Сахарияұлы қала әкімдігімен, қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында жол құрылысы, электр жарығы, көше шамдарын қосу, ауланы абаттандыру, ауыз су, газдандыру, жеке кәсіпкерлік пен тұрғын үй кезегі бойынша өтініштер қаралды.
✔️ Әр мәселеге қатысты заңды мәліметтер беріліп, жұмысты атқару тиісті бөлім басшыларына тапсырылды.
Еске саламыз: азаматтарды жеке қабылдау әр сәрсенбі күні, сағат 09:00–12:00 аралығында өтеді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1054258?lang=kk
Жауап қалдыру